Стратегия

Қоғамның стратегиясы

«Өрт сөндіруші» АҚ өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстар мен қызметтер нарығындағы өз қызметінде сапа мен қауіпсіздіктің жоғарғы стандарттарына сәйкес келетін кәсіби және бәсекелестікке қабілетті компания.

Қатерлерін төмендету үшін, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмыстар мен қызметтер нарығын қалыптастыру үшін кәсіби өрт сөндірушілер мен авариялық-құтқару бөлімшелерін құру арқылы стратегиялық маңызды, жарылыс өрт қауіпі бар объектілерді, тіршілікті қамтамасыз ететін объектілерді және Қазақстан Республикасының елді мекендерін қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қоғамның міндеті болып табылады.

Қоғам міндеттер қоюмен қатар, өз қызметкерлерінің білім мен икем деңгейлерін арттыруына, өз қабілеттерін жүзеге асыруына, әлеуетін дамытуына, мансабын жоғарлатуына жағдай жасайды.

Стратегиялық мақсат

Өрт қауіпсіздігі саласында жұмыстар мен қызметтер көрсететін қазақстандық нарықта жетекшікомпаниялардың бірі болу.

Басымдылықтар

  • «Өрт сөндіруші»АҚ біріктірілген компания ретінде дамиды және күзетілетін объектілерде кешенді қауіпсіздік жүйесін құруды қамтамасыз етеді.
  • Қоғамның дамуы:
    • республикамыздың стратегиялық маңызды және жарылыс өрт қауіпі бар ұйымдар мен объектілерінде;
    • субъектілік аймақтың үлестік қатысуы негізінде индустриалдық және өнеркәсіптік-өндірістік аймақтарында;
    • мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері құрылмаған ауылдық елді мекендерде өрт және өндірістік қауіпсіздік жұмыстары мен қызметтерін жоғары тиімді орындау есебінен қамтамасыз етіледі.
  • «Өрт сөндіруші»АҚ:
    • өрт пен төтенше жағдайлардың алдын алалатын және оларды жоятын заманауи технологиялар мен жабдықтарды енгізуге;
    • өрт сөндіру техникалары мен жабдықтарын шығаруға, жаңартуға және күрделі жөндеуге;
    • барлық стандарт диаметрлерінің өрт сөндіру жеңдерін шығаруға;
    • жаппай қолданылатын көбіктенгіштерді шығаруға;
    • күзетілетін ұйымдар мен объектілердегі ұстанымдарды сақтап қалуға;
    • қызметкерлердің кәсіби деңгейлерін арттыру жүйесін дамытуға күш салады.

© 2020 / Барлық құқықтары қорғалған