Өрт сөндірушілерге жанкештілігі үшін алғыс!

Өрт сөндірушілерге жанкештілігі үшін алғыс!
  • 20.08.2021

«Өрт сөндіруші» АҚ Батыс Қазастан облысы филиалының Ақсай қаласындағы 37-өрт сөндіру авариялық-құтқару бөлімінің өрт сөндірушілеріне тұрғындардың әлеуметтік желілерде жариялаған алғыстары күтпеген жағымды жағдай болды.
Ақсай қаласының өнеркәсіптік аймағында орман жолағының өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскенде құрамында бөлімше командирі Марат Сарбаев, өрт сөндірушілер Тәуекел Бағытжан мен Асқар Жамбылов бар кезекші қарауыл бөлім бастығының орынбасары Талғар Есмағамбетовтың басшылығымен өрт орнына шұғыл түрде аттанып кетті. Өрт сол аймақта орналасқан басқа да қорғалатын нысандарға ұласып, темір жолдың бүліну қаупі төніп тұрды.
Сол күні желдің ұйытқу жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, тұтанған өрт ұшқындарын жан-жаққа ұшырып жатты, ал 38-40º ауа температурасы өртті сөндіруді қиындатып жіберді.
Өрт сөндіру кезіндегі осы қиындықтарға қарамастан, өрт сөндірушілердің жедел, білікті және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында зардап шегуге жол бермей өртті тез арада сөндірілді.


Бөлісу:

Басқа да жаңалықтар

Әдетте, өз өмірін өртте адамдарды құтқару ісімен байланыстырған адамдар туғаннан бастап өз әкелерінің ерекше гендерін алып жүреді. Олар-өрт сөндірушілер әулетінен шыққан!

Құтқарушылар күні - кез келген шұғыл жағдайда көмекке асығатындар кәсіби мерекені атап өтеді.

© 2021 / Барлық құқықтары қорғалған