«БатысМунайТранс» ЖШС нысанындағы өрт тактикалық жаттығу

«БатысМунайТранс» ЖШС нысанындағы өрт тактикалық жаттығу
  • 27.07.2021

Қазіргі кезде өмірді мұнай мен мұнай өнімдерін қолданбай елестету мүмкін емес.Жарылыстар, өрттер және қоршаған ортаның ластануы қазіргі заманғы мұнай-газ бизнесіндегіең күрделі мәселелердің бірі болып қала береді.
Өнерқәсіптік қауіпсіздіктің басты мақсаты-аппаттардың салдарын болдырмау.
2021 жылғы 22 шілдеде "Өрт сөндіруші" АҚ Атырау филиалының жұмыскерлері Доссор п. «БатысМунайТранс» ЖШС нысан аумағында өрт – тактикалық оқу – жаттығуларын (бұдан әрі - ӨТОЖ) өткізді. Жаттығудың тақырыбы: «Төгу –құю эстакадысындағы өрт».
Оқу-жаттығуды өткізудің мақсаты нысан қызметтерінің объектідегі ықтимал төтенше жағдайлар мен өрттерді жоюға күштер мен құралдарды енгізу бойынша "Өрт сөндіруші" АҚ филиалының өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметімен бірлескен жедел іс-қимыл дағдыларын пысықтау болып табылды.
ӨТОЖ барысында апатты жағдай кезіндегі жауынгерлік іс-қимылдар, сондай ақ өгу-құю эстакадасында жану кезінде жедел персоналдардың қызметін пысықталды,
Оқу-жаттығу сабағы сәтті өтіп, "БатысМунайТранс" ЖШС қызметкерлерін оқыту мақсатына жетті. Филиал төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде "БатысМунайТранс" ЖШС қызметкерлері мен филиал жұмыскерлерінің өзара іс-қимылды пысықтады.


Бөлісу:

Басқа да жаңалықтар

БҚО" Өрт сөндіруші "АҚ филиалы қызметкерлері арасында" вакцина салдыр да сыйлық ал!» атты кең ауқымды акция өткізілді.

«Өрт сөндіруші» АҚ Атырау облысы филиалының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында, филиалдың мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес, филиал бөлімдері жыл сайын өрт сөндіру құралдары және жабдықтарымен қамтамасыз етіледі.

2021 жылдың 06 қыркүйегінде Қарағанды облысының филиалында жиырма жылдан астам уақыт еңбек еткен Медведева Рада Арғынғазықызын зейнетке шығаруға арналған іс-шара өтті.

© 2021 / Барлық құқықтары қорғалған