Оқу-сәттіліктің кепілі

Оқу-сәттіліктің кепілі
  • 09.06.2021

4 маусымда Атырау мұнай өңдеу зауытында «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ мен бірлесіп өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.
Атырау МӨЗ Қазақстанның үш жетекші мұнай өңдеу зауыттарының бірі болып табылады, оның қауіпсіздігі Атырау облысының «Өрт сөндіруші» ФАО №16 өрт авариялық-құтқару бөлімінің қорғауында болатын стратегиялық маңызды объект болып табылады.



Бұл іс-шараның нақты белгіленген мақсаттары болды, мысалы:
- өрт туындаған жағдайда аварияны жою жоспарына сәйкес, қызмет көрсетуші персоналдың іс-қимылын пысықтау:
- өрт сөндірудің бірінші басшысының жағдайды сыртқы белгісі бойынша бағалаудағы іс-әрекеті, барлау жүргізу, шешуші бағытты айқындау бойынша, қалалық бөлімшелер келгенге дейін жоғары шақыру нөмірі бойынша күштер мен құралдарды қарсы алуды және орналастыруды ұйымдастыруы:
- өртте күштер мен құралдарды басқарудағы жедел штабтың әрекеті:
- кезекші ауысымдардың жеке құрамының жауынгерлік жұмысты орындаудағы іс-қимылы:
- жауынгерлік учаскелердің бастықтарын гарнизон бөлімшелерін басқаруда қойылған міндеттерді орындау бойынша жаттықтыру.
«Өткізу жоспарына» сәйкес, оқу-жаттығу газ бензинін кейінгі жанудан орын алған қаныққан газдарды газ фракциялау қондырғысындағы шартты өртті сөндіру болып табылады.
Жауынгерлік іс-қимылдарға Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіруші» АҚФ №16 өрт сөндіру авариялық-құтқару бөлімінің күштері мен құралдары 10 бірлік негізгі және 1 бірлік арнайы өрт сөндіру автотехникасы мен «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ 4 бірлік негізгі өрт сөндіру автотехникасы жұмылдырылды. Барлығы жеке құрамнан 48 адам қатысты.
Ұйымдастырылған нақты және үйлесімді бірлескен іс-қимылдардың арқасында шартты өрт 22 минут ішінде жойылды, оның. Барлық қойылған мақсаттар пысықталды. Оқу-жаттығу тактикалық жоспарға сәйкес өтті.



Бөлісу:

Басқа да жаңалықтар

Қазіргі кезде өмірді мұнай мен мұнай өнімдерін қолданбай елестету мүмкін емес.Жарылыстар, өрттер және қоршаған ортаның ластануы қазіргі заманғы мұнай-газ бизнесіндегіең күрделі мәселелердің бірі болып қала береді

Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылғы 5 шілдеде «Құтқару паркі» сквері ашылды.

Асқар Оспанұлы Бақтыбаев «Өрт сөндіруші» Акционерлік қоғамының басшылығына тағайындалды

© 2021 / Барлық құқықтары қорғалған