Балалар – біздің болашағымыз!

Балалар – біздің болашағымыз!
  • 02.06.2021

Балаларды қорғау күніне орай, «Өрт сөндіруші» АҚ Павлодар облысы филиалының директорымен «Компания Нефтехим LTD» ЖШС қауіпті өндірістік нысанды күзету бойынша авариялық-құтқару ведомстволық бағынысты қызметінде жұмыс жасап жүрген қызметкері Әсет Оразбайұлы Молдашевтың көп балалы жанұясына бейбітшілік пен саулық тілегін білдіре отыра, салтанатты түрде кішігірім сыйлықтар мен тәттілер ұсынылған. Отағасының 4 баласы бар, ең кішісі 11 айлық қыз бала, балалар филиал басшылығының  жылы қарсы алуына және күтпеген сыйлықтарға қуанып қалды. 
Сонымен бірге, балалар мен олардың ата-анасына зор денсаулық, өскелең ұрпақты тәрбиелеуінде сабырлық тілеп, өртке қарсы қызметінің ардагері филиалдың ӨСАҚБ бастығы  Алдаберген Мерекеұлы Қарабалин игі ниетін білдіріп кетті.
Филиалдағы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп отырған игі істер акциясы жанұямызға, жас ұрпағымызға, Біздің өсіп келе жатқан балаларымызға  қамқорлық етіп қорғауында мағыналық жүктеме енгізеді!


Бөлісу:

Басқа да жаңалықтар

Қазіргі кезде өмірді мұнай мен мұнай өнімдерін қолданбай елестету мүмкін емес.Жарылыстар, өрттер және қоршаған ортаның ластануы қазіргі заманғы мұнай-газ бизнесіндегіең күрделі мәселелердің бірі болып қала береді

Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылғы 5 шілдеде «Құтқару паркі» сквері ашылды.

Асқар Оспанұлы Бақтыбаев «Өрт сөндіруші» Акционерлік қоғамының басшылығына тағайындалды

© 2021 / Барлық құқықтары қорғалған