«Өрт сөндіруші» АҚ Маңғыстау филиалы бойынша өткізілген оқу-жаттығу сабақтары бойынша ақпараттар.

«Өрт сөндіруші» АҚ Маңғыстау филиалы бойынша өткізілген оқу-жаттығу сабақтары бойынша ақпараттар.
  • 26.10.2020

     2020 жылдың 08 қыркүйегінде "Өрт сөндіруші" АҚ Маңғыстау филиалының қызметкерлері, "КаскорМашЗавод" АҚ нысанды ерікті өртке қарсы құрылымы (бұдан әрі - ЕӨҚҚ) командасымен және Дәнекерлеу–жинақтау цехының қызметкерлерімен бірлескен оқу-жаттығу сабағына (бұдан әрі – жаттығу) қатысты, тақырыбы «Құм ағынды жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі Ережелері» бойынша техникалық регламентті бұзу салдарынан құм ағынды жұмыстар кезінде туындаған бояу учаскесіндегі өртті жою». «Улы газ буымен және лак-бояу материалдарымен уланудан зардап шегушіге дәрігерге дейінгі көмек көрсету, зардап шегушіні қауіпсіз орынға көшіру».
     Мұндай оқу-жаттығуларды өткізудің мақсаты - "Өрт сөндіруші" АҚ ҚМ ӨСБ-72, АҚҚ-1 кезекші қарауыл қызметкерлерінің, "КаскорМашЗавод" АҚ жедел қызметтердің кезекші персоналы және ЕӨҚҚ мүшелерінің тұрақты жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету болып табылады. Персоналдың өртті жою, өртте зардап шегушіге дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша дұрыс шешім қабылдау қабілетін анықтау және "Өрт сөндіруші"ФАО Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметімен өзара іс-қимыл жасау.
     Оқу-жаттығуға Филиалдың 2 бірлік техника және филиалдың 10 қызметкері, сондай-ақ "КаскорМашЗавод" АҚ объектісінің 30 қызметкері қатысты.
     Оқу-жаттығу сабағы табысты өтті және "КаскорМашЗавод" АҚ персоналын оқыту бойынша өз мақсатына жетті. Филиал төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде жұмылдырылған "КаскорМашЗавод" АҚ қызметкерлерімен өзара іс-қимылды пысықтады.

     2020 жылдың 08 қазанында "Өрт сөндіруші" АҚ Маңғыстау филиалының қызметкерлері тиеу-сұрыптау алаңы объектісінің, "ҚазАзот" АҚ аумағындағы тауар темір жол вагондарының қызметкерлерімен бірлескен оқу – жаттығу сабағына (бұдан әрі-жаттығу) "Өрт сөндіруші " ФАО кезекші ауысымдарының жауынгерлік іс-қимылдары тақырыбында, «Алаңнан тиеу-сұрыптау жұмыстарының нәтижесінде болған жабық темір жол вагонындағы өрттің ошағын анықтау кезінде және зардап шеккен адамды анықтау бойынша ФАО кезекші ауысымдарының жауынгерлік іс-қимылдары» тақырыбында қатысты.
     Мұндай оқу-жаттығуларды өткізудің мақсаты "ҚазАзот" АҚ қызметкерлерінің практикалық іс-әрекеттерінің шынайылығын тексеру, өртті жою бойынша дұрыс шешімдер қабылдау, өртте зардап шегушіге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету және "Өрт сөндіруші" ФАО Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметімен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
     Оқу-жаттығуға Филиалдың 4 бірлік техникасы мен 20 қызметкері, сондай-ақ "ҚазАзот"АҚ объектісінің 10 қызметкері қатысты.
     Оқу-жаттығу сабағы сәтті өтіп, "ҚазАзот"АҚ қызметкерлерін оқыту мақсатына жетті. Филиал төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде жұмылдырылған "ҚазАзот" АҚ қызметкерлерімен өзара іс-қимылды пысықтады.

     2020 жылғы 16 қазанда "Өрт сөндіруші" АҚ Маңғыстау филиалының №72 Өрт авариялық-құтқару бөлімінің қызметкерлері "Mangystau Oil Refining" ЖШС объектісінің қызметкерлерімен "Дизельді құю эстакадасы алаңында автоцистернаға мұнай өнімдерін құю кезінде пайда болған өртті жою" тақырыбына бірлескен оқу-жаттығу сабағына (бұдан әрі – жаттығу) қатысты.
     Мұндай оқу-жаттығуларды өткізудің мақсаты технологиялық, электротехникалық персоналдың, кезекші ауысымның, №72 өрт сөндіру авариялық-құтқару бөлімінің кезекші қарауылының  дизель құю эстакадасы алаңында төтенше жағдайды және мұнай өнімдері төгілуінің ықтимал тұтануын жою кезінде, өзара үйлесімді іс-қимылдар бойынша, жауапты қызметтердің бір мезгілде, жедел іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау бойынша, практикалық жаттығу болып табылады.
    Оқу-жаттығуға филиалдың 1 бірлік техникасы мен 5 қызметкері, сондай-ақ "Mangystau Oil Refining" ЖШС объектісінің 14 қызметкері қатысты, және де автоматты өрт сөндіру жүйесі мен алғашқы өрт сөндіру құралдары пайдаланылды.
    Оқу-жаттығу сабағы табысты өтті және "Mangystau Oil Refining" ЖШС персоналын оқыту бойынша өз мақсатына жетті. "Өрт сөндіруші" АҚ филиалының 72-ӨСАҚБ кезекші қарауыл қызметкерлерінің бірлескен оқу-жаттығу сабақтары "Mangystau Oil Refining"ЖШС өндірістік базасының кезекші ауысымымен технологиялық персоналы және де басқа да қызметтері қызметкерлерінің жедел шеберлігін және кәсіби даярлығын арттырады.

Бөлісу:

Басқа да жаңалықтар

БҚО "Өрт сөндіруші" АҚ филиалында 2020 жылғы 11-12 қараша аралығында 36 ОӨАҚБ базасында өрт сөндіруші-құтқарушылардың кәсіби дайындық деңгейіне тексеру жүргізілді

Атырау облысының «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы бөлімшелері «КҚК-К» АҚ қарасты «Атырау» мұнай айдау станциясында өрт-тактикалық жаттығу өтті.

© 2020 / Барлық құқықтары қорғалған