"Өрт сөндіруші" АҚ Маңғыстау филиалы Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күнін өткізді

"Өрт сөндіруші" АҚ Маңғыстау филиалы Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күнін өткізді
  • 22.10.2020

     Құтқарушылар күнін мерекелеуді дайындау және өткізу бойынша бекітілген іс-шаралар жоспары негізінде "Өрт сөндіруші" АҚ Маңғыстау филиалының қызметкерлерімен белгілі  бір жұмыс атқарылды.
2020 жылдың 07 қазанында қоғам филиалының №72 өрт авариялық – құтқару бөлімінің өрт сөндіруші - құтқарушылары арасында  "Күштер мен құралдарды өрістету-бұл күштер мен құралдарды өртте міндеттерді орындау үшін әзірлік жағдайына келтіру" тақырыбында кәсіби дайындық бойынша бейнематериал ұйымдастырылып түсірілді.
     Құтқарушылар күніне арналған филиал қызметкерлерінің балалары арасында балалар суреттерінің, шығарма жазудың, музыкалық шығарманы орындаудың конкурстары ұйымдастырылды, оның қорытындысы бойынша барлық номинациялар бойынша конкурстарға қатысушыларды марапаттау бойынша іс-шаралар өткізілді.
Азаматтық қорғау органдары мен Маңғыстау филиалының ардагерлеріне құрметпен атаулы көмек көрсету шарасында Щукин Николай Александрович пен Карев Анатолий Михайловичтің мекенжайларына барып, филиал басшылығы атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, осы іс-шара аясында мезгілсіз қайтыс болған ардагер Мұстафин Ержан Сұлтанұлының отбасы мекенжайына барылып, отбасына материалдық көмек көрсетіліп, ардагердің балаларына сыйлықтар берілді.   
     2020 жылдың 16 қазанында  11 сағат 00 минутта қызметтік борыштарын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алуға арналған "Бір минут үнсіздік" шарасы ұйымдастырылып өткізілді.

Бөлісу:

Басқа да жаңалықтар

БҚО "Өрт сөндіруші" АҚ филиалында 2020 жылғы 11-12 қараша аралығында 36 ОӨАҚБ базасында өрт сөндіруші-құтқарушылардың кәсіби дайындық деңгейіне тексеру жүргізілді

Атырау облысының «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы бөлімшелері «КҚК-К» АҚ қарасты «Атырау» мұнай айдау станциясында өрт-тактикалық жаттығу өтті.

© 2020 / Барлық құқықтары қорғалған