Жоғары нәтижелер көрсеткені үшін

Жоғары нәтижелер көрсеткені үшін
  • 21.10.2020

      «Өрт сөндіруші» АҚ Павлодар облысының филиалында қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін, жұмысындағы жоғары нәтижелер көрсеткені үшін, азаматтық қорғаудағы мемлекеттік жүйесінің дамуына өз үлесін қосқан және азаматтық қорғау органдарының 25-жылдығын тойлауына байланысты, филиал жұмыскерлерін салтанатты түрде  марапаттау рәсімі өткізілді.
      Айтып кетсек, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО нысандарын күзету бойынша өрт сөндіру авариялық-құтқару бөлімінің бастығы Сәбит Қабдылхамитұлы Жанабаев және «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС нысандарын күзету бойынша өрт және газ қауіпсіздігі отряды бастығының орынбасары Назымбек Бабишкенұлы Нұрмакин «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» омырау белгілерімен, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 2-ЖЭО нысандарын күзету бойынша өрт сөндіру авариялық-құтқару бөлімінің бастығы Владимир Викторович Баранов ІІІ дәрежедегі «Құтқарушы» омырау белгісімен марапатталған.
      Әсіресе, Алдаберген Алуаны айтып кеткіміз келеді  («Кастинг» ЖШС ПФ және «KSP Steel» ЖШС нысандарын күзету бойынша өрт сөндіру авариялық-құтқару бөлімінің бастығы Алдаберген Марекеұлы Қарабалиннің немересі), ол Құтқарушылар күніне арналған Қоғам қызметкерлерінің балалары арасында өткізілген конкурсына қатысып, 13-18 жас аралығындағы музыкалық шығармасын соло орындау номинациясында бірінші орын алғаны үшін «Мечта» сауда үйі сертификатымен марапатталды.



Бөлісу:

Басқа да жаңалықтар

БҚО "Өрт сөндіруші" АҚ филиалында 2020 жылғы 11-12 қараша аралығында 36 ОӨАҚБ базасында өрт сөндіруші-құтқарушылардың кәсіби дайындық деңгейіне тексеру жүргізілді

Атырау облысының «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы бөлімшелері «КҚК-К» АҚ қарасты «Атырау» мұнай айдау станциясында өрт-тактикалық жаттығу өтті.

© 2020 / Барлық құқықтары қорғалған