Балаларды өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқыту

Балаларды өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқыту
  • 12.10.2020

     Балалар мен жасөспірімдер арасында өртке қарсы білімді насихаттау, балалар ойындары мен отпен ойнаудан болатын өрттердің алдын алу мақсатында, БҚО "Өрт сөндіруші" АҚ филиалының қызметкерлері балаларды өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқыту бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру үшін қамқорлыққа алынған 20-шы мектептегі оқушылармен белсенді жұмыс үнемі жүргізіледі.
     Құтқарушылар күнін мерекелеу қарсаңында БҚО "Өрт сөндіруші" АҚ филиалының өрт алдын алу және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері № 20-шы ЖББОМ Азаматтық қорғау сыныбында 9 сынып оқушыларымен "Жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін сақтау" тақырыбында онлайн режимінде сабақ өткізді. Сабақ барысында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өрт кезіндегі жүріс-тұрыс ережелері, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану және улы газбен улану кезінде  алғашқы дәргерлік көмек көрсету бойынша бейнероликтер көрсетілді.
     Сабақ соңында филиал қызметкерлері оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Бөлісу:

Басқа да жаңалықтар

БҚО "Өрт сөндіруші" АҚ филиалында 2020 жылғы 11-12 қараша аралығында 36 ОӨАҚБ базасында өрт сөндіруші-құтқарушылардың кәсіби дайындық деңгейіне тексеру жүргізілді

Атырау облысының «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы бөлімшелері «КҚК-К» АҚ қарасты «Атырау» мұнай айдау станциясында өрт-тактикалық жаттығу өтті.

© 2020 / Барлық құқықтары қорғалған