25 игі істердің бірі!

25 игі істердің бірі!
  • 09.10.2020

     «Құтқарушылар күнінің 25-жылдығының» тойлауын өткізу аясында және Павлодар облысы Төтенше жағдайлар бойынша департаментінің «25 игі істері» атты жоспарланған шараларына сәйкес, «Өрт сөндіруші» АҚ Павлодар облысы филиалының қызметкерлері «КСРО ӘТФ ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің әскери-теңіз флотының ардагерлерімен бірге Ақсу қ. жағалауында 30-дан аса шырша отырғызды.
      Бұл қайырымдылық  ісі Ақсу қ. әкімі Б.Ж. Ыбраевпен мақұлданып, тұрғын үй құрылысы бөлімімен ұйымдастырылған, оны, әрине, филиал қызметкерлеріміздің қолдауына тура келді. Жамбырлы да, бұлыңғыр ауа-райында барлығы бір болып, 20 шақты адам жағалауда жиналып, қылтанақты ағаштарды отырғыза бастады. Бұл шараға қала әкімшілігі атынан Зада Асқарұлы Хаиргельдин, «КСРО ӘТФ ардагерлері» ҚБ ардагерлер ұйымы атынан басқару төрағасы Александр Анатольевич Осипов, ал «Өрт сөндіруші» АҚ Павлодар облысының филиалынан Болат Байтұллаұлы Закирьянов қатысты. Олардың барлығы әртүрлі жылдар бойы жас кезінде ізгі борыштарын Совет әскеріне берген, айтып кетсек, КСРО Әскери-теңіз флотының қатарында қызмет атқарған азаматтар.
      Қайырымдылық  ісінің қатысушылары ауа-райының жағымсыз жағдайына қарамастан, бастаған істерін зор ынтамен, еңбексүйгішпен және жақсы көңіл-күймен аяқтады. Барлық қатысушылар жұмыстарына ырза болып қалды, себебі қылтанақты ағаштардың отырғызылуы қала көркемдігін жаңарта ғана қоймай, сонымен бірге ауаны тазартады.


Бөлісу:

Басқа да жаңалықтар

БҚО "Өрт сөндіруші" АҚ филиалында 2020 жылғы 11-12 қараша аралығында 36 ОӨАҚБ базасында өрт сөндіруші-құтқарушылардың кәсіби дайындық деңгейіне тексеру жүргізілді

Атырау облысының «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы бөлімшелері «КҚК-К» АҚ қарасты «Атырау» мұнай айдау станциясында өрт-тактикалық жаттығу өтті.

© 2020 / Барлық құқықтары қорғалған