Тау-кендік құтқару жұмыстары

Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 14-тарауына сәйкес тауда құтқару жұмыстары – зардап шеккендердің демалуларын қалпына келтіру, өрттерді сөндіру, жарылысқа қауіпті атмосфераны инертизациялау және үйінділерді аршу үшін арнайы аппаратураны және жабдықтарды қолдана отырып шахталарда және кендерде адамдарды құтқару және жерасты аварияларын жою жұмыстары.

«Өрт сөндіруші» АҚ-да Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 2 тауда құтқару бөлімшелері құрылған, олар 2 объектіде авариялар мен төтенше жағдайлар кезінде мамандандырылған көмек көрсетеді.

Күзететін объектілерде төтенше жағдайларды жою үшін «Өрт сөндіруші» АҚ-ның барлық тауда құтқару бөлімшелері арнайы техникамен, тауда құтқару жабдықтарымен, жарақтармен, құралдармен және материалдармен қамтамасыз етілген.

«Өрт сөндіруші» АҚ-ның тауда құтқару қызметінің әрекет етуін ұйымдастыру зардап шеккендерді эвакуациялауды және авариялық жағдайларды тоқтату және жою жұмыстарын жедел жүргізуге мүмкіндік береді.

«Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы

ФОТО

© 2020 / Барлық құқықтары қорғалған