Газдан құтқару жұмыстары

Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 14-тарауына сәйкес газдан құтқару қызметі – белгіленген тәртіпте аттестацияланған арнайы техникамен, жабдықтармен, жарақтармен, құралдармен, материалдармен қамтамасыз етілген техникалық жеке құрам қатарынан құралған газдан құтқарушылар бөлімшелері, штаттан тыс авариялық-құқтқару құралымдары негізін құрайтын газдан құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған мамандандырылған бөлімше.

«Өрт сөндіруші» АҚ-да Ақтөбе, Павлодар облыстарында 8 газдан құтқару бөлімшелері құрылған, олар 11 объектіде авариялар мен төтенше жағдайлар кезінде мамандандырылған көмек көрсетеді.

Күзететін объектілерде төтенше жағдайларды жою үшін «Өрт сөндіруші» АҚ-ның барлық газдан құтқару бөлімшелері тиісті нормалар бойынша арнайы техникамен, газдан құтқару жабдықтарымен, жарақтармен, құралдармен және материалдармен қамтамасыз етілген.

«Өрт сөндіруші» АҚ-ның газдан құтқару қызметінің әрекет етуін ұйымдастыру авариялық жағдайларды тоқтату және жою жұмыстарын жедел жүргізуге және қажет болған жағдайда зардап шеккендерге тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

«Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы

© 2020 / Барлық құқықтары қорғалған