Өрттен қорғау

«Өрт сөндіруші» АҚ өрттердің алдын алу және сөндірудің заманауи технологияларын пайдалана отырып стратегиялық, жарылысқа өртке қауіпті өндірістік кәсіпорындарды, өмір тіршілігін қамтамасыз ету объектілерін және елді-мекендерді жоғары кәсіптік деңгейде өрттерден күзетуді қамтамасыз етеді.

«Өрт сөндіруші» АҚ көрсететін қызметтер Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы ІІМ министрінің бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру ережесінің» талаптарына сәйкес келеді.

Қоғамда өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру үшін шарттар негізінде 170 өрт сөндіру бөлімдері мен бөлімшелері құрылды.

Ұйымдарды, объектілерді және елді-мекендерді өрттерден күзету саласында мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет «Өрт сөндіруші» АҚ өрттерді ескерту (алдын алу) және сөндіру (жою) жұмыстары мен қызметтерінің тізбесін жүзеге асырады, атап айтқанда:

  • бөлімшелер және анықтау қызметтерін ұйымдастырады, дәнекерлеу және басқа да отпен жасалатын жұмыстарды жүргузі кезінде тапсырыс берушілердің тапсырыстары бойынша өрт сөндіру көліктерімен бөлімшелер қояды, өрт қауіпсіздігі шараларын жүргізу кезінде шаралар әзірлеуге қатысады;
  • ұйымдарды, объектілерді және елді-мекендерді өрттерден күзету үшін өрт сөндіру авариялық-құтқару бөлімшелерін құрады, жауынгерлік құрамдардың уақытылы шығуын қамтамасыз етеді;
  • күзететін объектілерде тапсырыс берушілердің есебінен ұсталатын күштер мен құралдардың тактикалық мүмкіндіктерінің шегінде өрттерді сөндіруді, авариялық-құтқару жұмыстарын орындауды жүзеге асырады;
  • газдан түтіннен қорғау қызметін ұйымдастырады және оның белгіленген талаптарға сәйкес қызмет етуін қамтамасыз етеді;
  • техниканы, өрт сөндіру-техникалық жабдықтарды, жарақтарды, оқпан шаруашылықтарын және қолданыстағы басқа да техникалық құралдарды үнемі дайындықта ұстауды қамтамасыз етеді, олардың жарамдылығын үнемі тексеріп тұрады;
  • өртке қарсы қорғау жүйелері мен құралдарының (өрт сөндірудің автоматты құрылғылары, өрт дабылдары, сыртқы және ішкі өртке қарсы су құбырлары, түтін жою, құлақтандыру жүйелері, алғашқы өрт сөндіру құралдары) жарамдылығын бақылауды жүзеге асырады;
  • өрт сөндіру-техникалық минимум жөнінде сабақтар өткізеді, күзететін объектілердің, сонымен қатар сыртқы мердігер ұйымдардың басқа да жұмыстарды атқаруға уақытша тартылатын жұмыскерлерімен және инженерлік-техникалық жұмыскерлерімен нұсқаулықтар өткізеді, сонымен бірге өртке қарсы насихаттайтын басқа да іс-шаралар жүргізеді;
  • тапсырыс берушілер бекіткен кестелер бойынша өрт сөндіру-тактикалық сабақтарын және өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын, сондай-ақ объектінің жеке құрамын тарта отырып күзететін объектілерде оқу-жаттығулар өткізеді;
  • өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөнінде жауынгерлік әрекеттерді алдын ала жоспарлау, сонымен қатар күзететін объектілердің қызметтерімен өзара әрекет ету құжаттарын (жедел жоспарлар мен өрт сөндіру карточкалары, аварияларды жою жоспарлары және тағы да басқа) әзірлеуге қатысады;
  • Қазақстан Республикасы ТЖК мемлекеттік өртке қарсы қызмет гарнизондарының шығу кестелеріне, аудандардың күштері мен құралдарын тарту жөніндегі күзететін объектілердің басшылығымен келісілген жоспарларына сәйкес күзететін объектілердің аумақтарынан тыс жерлердегі өрттерді сөндіруге қатысады;
  • тиімді басқару және бөлімшелердің өзара әрекет етуі мақсатында өрттерді сөндіру кезінде гарнизондар құрамында Қазақстан Республикасы ТЖК мемлекеттік өртке қарсы қызмет толқындарында радиобайланыс ұйымдастырады;
  • өрттердің алдын алу және сөндіру саласында ерікті өртке қарсы құралымдар даярлауға қатысады;
  • өртке қарсы қорғаудың заманауи жүйелері мен құралдарын енгізу, технологиялық үдерістердің және жекелеген технологиялық операциялардың өрт қауіптілігін төмендету жөнінде ұсыныстар береді;
  • күзететін объектілердің нұсқаулықтарын, эвакуациялау жоспарларын және басқа да өрт қауіпсіздігі шараларын реттейтін ұйымдастыру-нұсқау беру құжаттарын әзірлеуге, қарастыруға және келісуге қатысады;
  • өрттердің шығу себептерін талдау, жауынгерлік әрекеттер мен өрттердің алдын алу және өрт сөндіру тактикаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында күзететін объектілерде болған өрттерді ішкі ведомстволық есепке алуды жүргізеді;
  • авариялар мен өрттердің себептері мен жағдайларын тергеуге қатысады;
  • күзететін объектілердің басшыларына нормалар, ережелер, стандарттар мен нұсқаулықтар талаптарына сәйкес келуін анықтауды қамтамасыз етуге, сонымен қатар өрттердің шығу себептерін жоюға бағытталған іс-шаралар әзірлеуге, олардың таралуын шектеуге және өрт болған жағдайда адамдар мен материалдық құндылықтарды сәтті эвакуациялауға жағдай жасауға көмек көрсетеді;
  • күзететін объектілердің басшыларымен келісе отырып бір бөлімшенің оны ұстауға үлестік қатысы бар және сол бөлімшенің шығу нормативті радиусында орналасқан бірнеше ұйымдар мен объектілерге қызмет көрсетуіне мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жұмыскерлердің жалпы саны және бөлімшенің өрт сөндіру техникасының саны сол қызметті ұстауға үлестік қатысы бар бір ұйымға немесе объектіге арналған ең көп есептік санына сәйкес болуы тиіс.
«Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы

© 2020 / Барлық құқықтары қорғалған