Сертификаттар мен рұқсат құжаттары

Рұқсат етуші құжаттар

Қоғамның өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру, авариялық-құтқару (тауда құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы) жұмыстарын жүргізу, ұйымдарда, объектілер мен елдімекендерде төтенше жағдайларды жою саласындағы, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы барлық рұқсат беру құжаттары бар.

Сертификаттау саласы:

өрттердің алдын алу және сөндіру жұмыстарын қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын, оның ішінде алдын алу және техникалық жұмыстар жүргізу;

авариялық-құтқару жұмыстарын, іздестіру-құтқару, газдан құтқару, тауда құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстарды жүргізу қызметтерін көрсету;

ерікті өртке қарсы және авариялық-құтқару құралымдарының мүшелерін оқыту;

өрт қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттарды, өрт сөндірудің жедел жоспарларын, эвакуациялау жоспарларын, ұйымдар мен объектілер үшін өртке қарсы режимді қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықтар және басқа да құжаттар әзірлеу;

барлық меншік нысанындағы объектілерді өртке қарсы қорғауды жетілдіру жөнінде іс-шаралар әзірлеу;

зымыран-тасығыштар ұшарда авариялық-құтқаруды қамтамасыз ету;


1. ҚР СТ OHSAS 18001-2008 «Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесі. Талаптар» № 0102435 2019 жылғы 27 қыркүйекте берілген.Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі «QZ AziaSertik» ЖШС. 


2. ҚР СТ ІЅО 14001-2016 «Экологиялық менеджмент жүйесі. Қолданужөніндегі талаптар мен басшылық» № 01024342019 жылғы 27 қыркүйекте берілген. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі «QZ Azia Sertik» ЖШС.



3. ҚР СТ ІЅО 9001-2016 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар»№ 01024332019 жылғы 27 қыркүйекте берілген. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі «QZ Azia Sertik» ЖШС.



© 2020 / Барлық құқықтары қорғалған