Авариялық құтқару жұмыстары

Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 6-тарауына сәйкес авариялық құтқару қызметі – қызметі жағынан бірыңғай жүйеге біріктірілген, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою міндеттерін шешуге арналған ұйымдастыру-біріктірілген басқару органдарының, авариялық-құтқару құралымдарының және азаматтық қорғау құралдарының жиынтығы.

«Өрт сөндіруші» АҚ-да Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында 7 авариялық-құтқару бөлімшелері құрылған, олар 18 объектіде авариялар мен төтенше жағдайлар кезінде мамандандырылған көмек көрсетеді.

Күзететін объектілерде төтенше жағдайларды жою үшін «Өрт сөндіруші» АҚ-ның барлық бөлімшелері тиісті нормалар бойынша арнайы техникамен, авариялық-құтқару жабдықтарымен, жарақтармен, құралдармен және материалдармен қамтамасыз етілген.

«Өрт сөндіруші» АҚ-ның авариялық-құтқару қызметі жұмыскерлерінің төтенше жағдайларды жоюға бағытталған құтқару операцияларына қатысуда сертификаттары, кәсіптік даярлықтары және үлкен тәжірибелері бар.

«Өрт сөндіруші» АҚ-ның авариялық-құтқару қызметі кез келген уақытта күзететін объектілерде адамдарды және мүліктерді құтқаруда орасан көмек көрсетуге дайын.

«Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы

© 2020 / Барлық құқықтары қорғалған