Біз туралы

Біз кімбіз

«Өрт сөндіруші» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі саласында жұмыстар мен қызметтер көрсету нарығындағы ірі кәсіби операторлардың бірі болып табылады.

Қоғам өрт қауіпсіздігі саласындағы ұйымдар мен объектілерде шарт негізінде жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін жарғылық капиталына 100 пайыз мемлекет қатысатын Қазақстан Республикасы Үкіметімен 1999 жылы құрылған.

Қоғам ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты құрылым ол Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің жұмысын ұйымдастырудағы барлық негізгі принциптері мен әдістерін, жоғары жауынгерлік дайындығын қамтамасыз ететін және өрттердің алдын алуды тиімді жүзеге асыратын кәсіби дайындық жүйесін сақтап қалған және азаматтық қорғаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне енеді.

Қоғамның негізгі мақсаты, тапсырыс берушілердің қаржылық және өндірістік мүдделерін, қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғауға кепілдік беретін жұмыстар мен қызметтерді орындау арқылы жоғары деңгейде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Қоғам Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызметінің жұмыстарын ұйымдастырудағы негізгі принциптері мен әдістерін басшылыққа алады. Біз жоғары жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ететін және сауатты түрде өрттердің алдын алу және оны сөндіруді жүзеге асыратын кәсіби дайындық жүйесін құрдық. Бізде төтенше жағдайлар органдары қызметкерлерінің ішінен конкурстық негізде іріктелген жоғары кәсіби басшы кадрлар жұмыс істейді.

Біліктілікті арттыру және озық тәжірибелермен алмасу мақсатында біздің қызметкерлер Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының ТЖМ жоғарғы оқу орындарында жүйелі түрде кәсіби оқытудан өтеді.

Қоғам өрт қауіпсіздігі саласының қызмет көрсету нарығында өрт сөндіру бөлімшелерін, авариялық-құтқару, газдан құтқару және газ түтіннен қорғану қызметтерін заманауи техникамен, жабдықтармен қамтамасыз етуде жетекшілік орынды иеленеді.

Қоғам күзетілетін объектілерді кешенді қауіпсіздік жүйесімен яғни оның өрт сөндіру бөлімшелерінің өрт сөндірумен қатар авариялық-құтқару, газдан құтқару жұмыстарын атқаруды, жедел медициналық көмек көрсетуді, өрт автоматикасы, өрт сөндіретін сумен жабдықтау жүйелерін монтаждауды және бастапқы өрт сөндіру құралдарына техникалық қызмет көрсетуді, оттан қорғау құрастырылымын жүргізуді, қызметкерлерді өрт-техникалық минимум бойынша оқытуды жүзеге асыру сияқты көп салалы қызметтерді атқарады бұл оның маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады.

Қоғам шарт негізінде 500-ден астам объектіні оның ішінде: «Карачаганак Петролеум Оперейтинг б.в.», Каспий құбыр тарту консорциумы British Gas Group, Eni, Chevron; Shell, ExxonMobil, Total, Petro Oil Group Inc), «Аджип ККО», АО «ИнтергазОрталықАзия», «CNPC», «PetroOilGroupLnc» және т.б. стратегиялық маңызды (мұнайгаз, металлургия, атом энергеникасы секторларын, тіршілікті қамтамасыз ету және күрделі әрі жарылыс өрт қауіпі бар кәсіпорындар) объектілерді өрттен қорғауды қамтамасыз етеді.

Өрт қауіпсіздігі мәселесін кешенді, кәсіби тұрғыдан шешу – ұйымдар мен объектілердің басшыларын көптеген күрделі мәселелерден босатуға және өндірістік қызметке көп көңіл бөлуіне мүмкіндік береді.

Қоғамда сапа менеджментінің, экологиялық менеджменттің және денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджментінің жүйелері тиісінше ИСО 9001:2008, ИСО 14001:2004 және OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес енгізілген және сәтті қолданылуда.

Қоғам тапсырыс берушілермен көп жылдар бойы бірлесе жұмыс істеген жылдар ішінде, оның кәсіпорындарды кепілденген өрттен қорғаумен қамтамасыз ететін жоғары, тиімді тәжірибесі қалыптасқан және материалдық-техникалық базасы жаңа заманауи деңгейге көтеріліп, нығая түскен.

Қоғамның филиалдары барлық облыс орталықтарында және Астана және Алматы қалаларында бар.

Бізбен қауіпсіз. Бізбен ыңғайлы. Бізбен үнемді.

«Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы

Біз не істейміз

«Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмыстар мен қызметтер нарығындағы анағұрлым ірі кәсіби операторлардың бірі болып табылады.

«Өрт сөндіруші» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметімен жарғылық капиталына 100 пайыз мемлекет қатысатын, өрт қауіпсіздігі саласындағы жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін құрылған.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жалғыз акционері болып табылады.

Қазақстан Республикасы ТЖМ құрылымдық бөлімшесі бола тұра «Өрт сөндіруші» АҚ өзінің жұмысын ұйымдатырудағы негізгі принциптері мен әдістерін, жоғары жауынгерлік әзірлігі мен кәсіби кадрларын қамтамасыз ететін кәсіби дайындық жүйесі сақтап қалған.

2008 жылы Қоғам өрт сөндіру машиналарын шығаратын, қайта қалпына келтіретін және жаңартатын кәсіпорын құрды. Жапондық фирмамен бірге Isuzu шассиінде өрт сөндіру автоцистерналарын шығару игерілді.

«Өрт сөндіруші» АҚ барлық стандарт диаметрі 19-дан 150 мм-ге дейінгі қысымды өрт сөндіру жеңдерін шығару ұйымдастырды.

Қоғам А және В класты өртті сөндіруге арналған синтетикалық көмірсутекті көбіктенгіштің, сонымен қатар полярлық емес жағармай сұйықтықтардың, көмірсутекті отындардың, мұнай және мұнай өнімдерінің, минералды және синтетикалық майлардың отандық тауар өндіруші болып табылады.

«Өрт сөндіруші» АҚ Баларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Украина, Словацко Республикасы және басқа да елдердің бір қатар ірі өнеркәсіптік өндіруші-фирмаларынан тауарлар мен жұмыстарды жүзеге асыруға және жеткізуге делдалдық келісімдері бар. Біз объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті кез келген заманауи өрт-техникалық өнімдерін, өрт сөндіру техникасын жеткіземіз.

Қоғам күзетілетін өндірістік кәсіпорындарда біріктірілген қауіпсіздік жүйелерін құруда және қамтамасыз етуде белсенді түрде қатысады және автоматты өрт сөндіру жүйелері мен өрт дабылдарына жобалау, монтаждау, жөндеу, олардың техникалық қызмет көрсетуін жүзеге асырады.

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерін кәсіби тұрғыдан дайындау жүйесін ұйымдастыру үшін, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі және өндірістік қауіпсіздік саласындағы ұйымдар мен объектілердің мамандарын оқытатын «Азаматтық қорғаныс бойынша мамандандырылған оқу орталығы» ЖШС (АҚ МОО) құрылған.

АҚ МОО негізгі міндеті мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің қызметтік жұмыстарымен бірге корпоративтік жүйеде ұйымдастырылған оқу процестерінің ықпалдастығы арқылы кәсіби дайындықты ұйымдастырудың принциптері мен әдістерін жетілдіру болып табылады. Ықпалдастық моделінің ұйымдастырылған сызбасы әр түрлі сценарийлерді модельдеу кезінде, өрт сөндіруші мен өрт сөндіруші-құтқарушылардың күзетілетін объектілерде оған жауапты аймақ шегінде практикалық іс-қимылдарын машықтандыра шынайы қызмет өткеру жағдайна жақындау кәсіби дағдыларын игеруін көздейді.

Қоғам Халықаралық азаматтық қорғаныс ұымының (ХАҚҰ) тренинг орталығын құру жөніндегі жобаға қатысушы болып табылады. ХАҚҰ Хатшылығының Оқыту, жоспарлау және дамыту департаментімен техногендік сипаттағы ТЖ кезінде, өнеркәсіптік объектілерді, аумақтарды және елді мекендерді қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін қарым-қатынасты ұйымдастыру және басқару жөніндегі халықаралық жұмыс тәжірибесін меңгеру мақсатында курстар ұйымдастырылды.

Жұмыстар мен қызметтер нарығындағы біздің ұстаным – ең алдымен кешенді қауіпсіздік жүйені құруға ұмтылу, үнемі жұмыс сапасын және теңгерімділік, тиімділілік сияқты көрсеткіштерді арттыру және қолайлы баға қою.

«Өрт сөндіруші» АҚ 500-ден аса стратегиялық маңызды, жарылыс өрт қауіпі бар объектілерді және республикамыздағы тіршілкті қамтамасыз етуші объектілерді өрттен қорғау жұмыстары бойынша көп жылғы жұмыс тәжірибесі бар.

«Өрт сөндіруші» АҚ дамыту жаңа технологияларды тарту, техникалық құралдар мен жабдықтарды жаңарту, жұмыстар мен қызмет түрлерін кеңейту, өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етуде жүйелі кешенді түрде қызмет көрсету, салаларда, ұлттық компанияларда және ірі кәсіпорындарда авариялық-құтқару жұмыстарын орындау арқылы жүзеге асады.

Стратегиялық, жарылыс өрт қауіпі бар өндірістік кәсіпорындарды, тіршілікті қамтамасыз ететін объектілерді қамтамасыз ету үшін өрт сөндірумен қатар авариялық-құтқару, газдан құтқару жұмыстарын орындай алатын, жедел медициналық көмек, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы басқа да қызмет түрлерін көрсететін кәсіби көп салалы, заманауи техникамен жақсы жабдықталған бөлімшелер құрылуда.

Барлық өрт сөндіру бөлімдерінде тыныс алуға қолайсыз ортада жұмыс істеуді қамтамасыз етуге арналған газ түтінінен қорғану қызметтері бар.

Қоғамның өрт сөндіру бөлімшелері ҚР ТЖМ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына бекітілген радиожеліде жұмыс істейді, бұл бірлесе өрт сөндіру жұмыстарын орындаған кезде олардың қарым-қатынасын қамтамасыз етеді.

«Өрт сөндіруші» АҚ мемлекеттік құпияларды пайдалана қызметтерді жүзеге асыруға және режимдік объектілердегі өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмыстар мен қызметтерді орындауға рұқсаты бар.

Қоғамда Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі менеджментінің және Сапа менеджменттік жүйелері енгізілген.

«Өрт сөндіруші» АҚ филиалдары Қазақстан Республикасының барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар.

© 2020 / Барлық құқықтары қорғалған